arasha.kz

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен аталған азаматқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 21 қазанға дейін, яғни 6 айға ұзартылды», – делінген хабарламада.

ҚР Бас прокуратурасы Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша сәуірде ұсталғанын растаған болатын. Ол Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Exit mobile version