21-09-22 |
1500 рет қаралған
Қайрат Сатыбалды ісінде келісімге келу заңға қайшы – адвокат.
Қайрат Сатыбалды ісінде келісімге келу заңға қайшы – адвокат

Заңгер Абзал Құспан істі болып жатқан Қайрат Сатыбалдының сот процесінде түсініксіз нәрселер болып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау, яғни ауыр санаттағы қылмыс. Сондықтан оған медиативті келісім жасалмау керек.

«Азаттық радиосы бүгін Қайрат Сатыбалдының қатысуымен бейнебаяннан үзінді жариялады. Сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, Сатыбалдыға қатысты сот процесі миллиардтаған қаржыны ұрлау фактісі бойынша басталған. Жәбірленуші тараптың бірі – “Казахтелеком” АҚ-ы 12,7 млрд теңге шығын қайтарылғаны себепті, медиативтік келісім жасау туралы өтініш берген. Сот прокурордың пікірін сұраған, ол уақыт сұраған, соған байланысты үзіліс жарияланған. Түк түсінсем бұйырмасын?! Егер сайт ақпаратына сенсек, Сатыбалдыға тағылған айып аса ірі көлемде қаржы ұрлау, яғни ҚР ҚК-ның 189 б., 4 бөлігімен тағылған. Ол ауыр санаттағы істер қатарына жатады. Ал медиативті келісім тек қана онша ауыр емес және орташа санаттағы істер бойынша жасалуы мүмкін», – деп жазды заңгер.

Бұл 2+2=4 сияқты, қарапайым нәрсе. Қазақтелекомды түсінуге болар, бірақ Астаналық судья мен прокурорға не жорық, деп ашынады Абзал Құспан.

«Сонда олар қарапайым процестік заң нормаларын білмей ме? Әлде, “жыланды үш кессеңде, шегірткелік әлі бар”деп, әсіресақтық жасаған түрлері ме?», – деді ол.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.