ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәліметінше, жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының өндірістік қуаты шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті.
Жыл басынан бері қант бағасының өсуі 86,6% болды (2021 жылдың сәйкес кезеңінде – 11,9%). Бүгінде қант бағасының өсу қарқыны төмендеді, бірақ өсу динамикасы сақталып тұр. 2022 жылғы шілдеде бөлшек сауда бағасының өсуі 5,3% деңгейінде болды.
Қазақстанда қант өндірудің негізгі көлемін екі аймақта орналасқан төрт қант зауыты жүзеге асырады:
Жамбыл облысында – «Тараз қант зауыты» (қант құрағынан өндіру) және «Меркен қант» ЖШС (құрақ + қызылша);
Алматы облысында – «Көксу қант зауыты» ЖШС (қамыс + қызылша) және «Ақсу Кант» ЖШС (қызылша).
Жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының өндірістік қуаты шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Отандық шикізаттың да, импорттық шикізаттың да тапшылығы импорттық шикізатты сатып алу үшін қажет зауыттардың айналым қаражатының жеткіліксіздігінен дамыды.