19-10-22 |
1250 рет қаралған
Қаңтар оқиғасын қайталағысы келетіндер бар – Тоқаев.
Қаңтар оқиғасын қайталағысы келетіндер бар – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Президент қаңтардағы қайғылы жағдайдан «сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ» екенін айтты.

«Мұндай жағдай, өкінішке қарай, болып отыр. Бұл осындай оқиғаның қайталануына әкеп соқуы мүмкін. Соны шындап қалайтындар бар. Біреу мұны шынымен қалайды. Белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жарияладым. Ал бұзақыларды, кісі өлтірушілерді, тонаушыларды қолдауға тырысатындардан сақ болу керек. Олар халқымыздың түпкі мүддесіне мүлдем сай келмейтін жеке мақсатты көздейді», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев жуық арада мемлекетке сатқындық жасағандар, екіжүзділік және қорқақтық танытқандар сот алдында жауап беретінін атап өтті. Оның сөзінше, «қайғылы жағдайға жол берген немесе арандатушылық әрекет жасағандардың істері бойынша тергеу жалғасады».

«Елдің Президенті ретінде, мен үшін әділдік – ең жоғары құндылық. Сондықтан менің Әкімшілігімде азаматтардың өтініштерін қабылдаумен және олардың талап-тілектерін қарастыруымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бұл жұмысты өз бақылауымда ұстаймын», – деді президент.

Президент биылғы 9 айда атына 41 мың өтініш келіп түскенін, олардың әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты екенін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.