arasha.kz

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланды

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында айтты.

Оның айтуынша, қазір ел бірлігі ауадай қажет.

«Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», – деді Тоқаев.

Exit mobile version