02-12-22 |
1740 рет қаралған
Қаңтар оқиғасында қайтыс болған жасөспірім сотталды.
Қаңтар оқиғасында қайтыс болған жасөспірім сотталды

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тараздағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан жасөспірімге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облыстық сотының ресми сайтының жазуынша, прокурор сотталушы О.-ны қайтыс болуына байланысты жаза тағайындамай, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін (ҚР ҚК 272-б. 2-б.) кінәлі деп тануды сұрады.

«Сот О.-ның кінәсін зерделенген дәлелдемелермен дәлелденген деп таныды. Сот үкімімен О. қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмай, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны (ҚР ҚК-нің 272-б. 2-б.) үшін кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.

Сот өкілдерінің мәліметінше, 2022 жылы 6 қаңтарға қараған түні сотталушы (қайтыс болған) О. Тараз қаласында қирату, бұзу және қалалық әкімдік ғимаратының мүлкін жоюға ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. Сондай-ақ әскери қызметшілердің өміріне қол сұғу мақсатында, О. олардан ғимараттан кетуін талап етіп, әкімдікпен бірге өртеп жіберемін деп қорқытқан.

«О.-ның кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: куәлер К., А., Ж.-ның айғақтарымен, сот-медициналық, сот-биологиялық, сот-медициналық-криминалистикалық, сот-баллистикалық сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ фотосурет бойынша тану хаттамасы мен істің басқа да материалдарымен дәлелденді»,- делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.