20-06-22 |
2330 рет қаралған
Қаңтар қақтығысын басуға өзіміздің әскердің күші жетуі мүмкін еді – Бақытжан Ертаев.
Қаңтар қақтығысын басуға өзіміздің әскердің күші жетуі мүмкін еді – Бақытжан Ертаев

Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ОДКБ) әскерінің Қазақстанға кіргені дұрыс қадам болды. «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев осындай пікірде.

Бұл туралы ол «Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат беріп, Президенттің сол кездегі шешімін әскери адам ретінде құп көргенін айтады.

«Көршінің үйі өртенгенде көршілер қарап тұрмайды. Бәрі жүгіріп жүріп бірге өшіреді. ОДКБ әскері бірінші рет мынадай жағдайға тап болды. Егер біздер дос халықтар болсақ, отты бірге өшіруіміз керек. Әрине, отты өзіміздің де өшіруге күшіміз жететін шығар. Бірақ оның тез өшкені бәрімізге тиімді», – дейді генерал.

Дегенмен, қазір қоғам арасында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерін бекер кіргіздік, осының кесірінен енді Қазақстан Ресейге қарыздар болып қалды» деген әңгіменің басталғаны жасырын емес. Генерал қаңтар оқиғасы ҰҚШҰ әрекетін тексеруге де мүмкіндік бергенін айтады.

«Кейін көп әңгіме болды. Бұлар кетпейді, әдейі келді» деген. Ондай сөз әлі де жүріп жатыр. Әркімнің өз пікірі бар шығар. Бірақ меніңше келгендері (ОДКБ ред.) өте дұрыс болды. Бұл – біріншіден. Екінші – ұйым келісіміне сәйкес басқаларға практикалық тұрғыда жұмыс істей алатындығымызды көрсеттік», – дейді Бақытжан Ертаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та Ресей арналарының біріне сұхбат беріп, Мәскеу Қазақстанды құтқарды деп жүргендердің әңгімесі шындыққа жанаспайтын ашық айтқан.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.