
Облыс прокуратурасы есірткі бизнесімен күреске бағытталған “Нашақорлыққа жол жоқ” жобасын жүзеге асырып жатқанын мәлімдеді. Ведомствоаралық топ құрылған.
Осы жұмыстың нәтижесінде есірткізаттарын насихаттайтын 7 мыңнан астам жарнамалық сайттар анықталып, бұғатталды. Есірткі заттарын белгілі жерлерде қалдырушылардың көшелердегі жарнамалық жазбалары мен граффитилерін бояу шаралары қолданылды.
Есірткіні жарнамалау үшін 55 қылмыстық іс қозғалды, оның 33- жоба аясында.
Әлеуметтік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналдарда мазмұны заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды.
Ауылдық жерлерде жабайы қарасораны анықтау және жою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Жоба барысында Осакаров, Нұра және Қарқаралы аудандарында 200-ден астам қарасора бұталары жойылды.
Жастарды ақпараттандыру және алдын алу жұмысына тарту мақсатында прокуратура студенттер үшін сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастырды.
Кеңес қорытындысы бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар бекітілді.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025