Қарағандыда №5 магистральды су құбырында апат болды.
Диаметрі 600 мм болатын № 5 су желісінің бір құбырындағы апат бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында болған.
Қазіргі уақытта апатты жоюмен «Қарағанды Су» ЖШС мамандары айналысып жатыр.
«№ 5 желі суды екі жолмен жеткізеді, соның біреуінде апат болды. Су құбырының бір желісі бойынша су беру қысымы төмендетілді. Авариялық бригада құбырдың авариялық учаскесін кесу бойынша шара қабылдап жатыр», — деп хабарлады «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта су қысымы қалпына келді.
Құбырлар полиэтилен материалдан жасалған.
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
24.01.2025
-
23.01.2025