arasha.kz

Қарағандыда су құбыры жарылды

Қарағандыда №5 магистральды су құбырында апат болды.

Диаметрі 600 мм болатын № 5 су желісінің бір құбырындағы апат бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында болған.

Қазіргі уақытта апатты жоюмен «Қарағанды Су» ЖШС мамандары айналысып жатыр.

«№ 5 желі суды екі жолмен жеткізеді, соның біреуінде апат болды. Су құбырының бір желісі бойынша су беру қысымы төмендетілді. Авариялық бригада құбырдың авариялық учаскесін кесу бойынша шара қабылдап жатыр», — деп хабарлады «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта су қысымы қалпына келді.

Құбырлар полиэтилен материалдан жасалған.

Exit mobile version