20-01-21 |
1680 рет қаралған
Қарағандылықтар ет жеуден көш бастап тұр.
Қарағандылықтар ет жеуден көш бастап тұр

Қазақстанда ет өнімдеріне сұраныс артты. Мониторингтік агенттік мәліметінше, қой етінің бағасы бір жылда 16,2%-ке өссе, жылқы еті 11,9%-ке, ал сиыр еті 8%-ке дейін қымбаттаған. Ал етті көп жейтіндердің тізімін Қарағанды облысы бастап тұр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Energyprom.kz мониторингтік агенттігінің мәліметінше, бір адам шамамен 21 келі ет жеген. Сарапшылар ет өнімдеріне сұраныс артқанын алға тартады. 2020 жылдың үшінші тоқсанында тұтынушылар арасында сиыр етіне сұраныс төмендеген.  Ал қой мен жылқы етін іздеушілер көп.

«Қазақстанда ет өнімдерін тұтыну бойынша Қарағанды ​​облысы көш бастап тұр. Өткен жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айында бұл өңірдің әрбір тұрғыны орта есеппен 26,8 килограмм ет пен ет өнімдерін жеген. Одан кейінгі орындарға Ақмола облысы (25,4 келі) мен Алматы қаласы (25,2 келі) жайғасқан. Қазақстанда етке сұраныстың артуымен қатар, баға да өскен»,- деп хабарлайды мониторингтік агенттік.

Қой етінің бағасы бір жыл ішінде 16,2%-ке қымбаттап, бір келісі үшін 1 990,3 теңгеге тең түскен. Жылқы еті 11,9%-ке (келісіне 2 271,8 теңгеге), ал сиыр еті 8%-ке (келісіне 1 947,4 теңгеге) дейін қымбаттаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.