Өзбекстан Бас прокуратурасы Қарақалпақстандағы наразылық акциясына қатысқан 35 адамды босатты.
Негізінен істеген ісіне өкінетін және әлеуметтік жағдайы күрделенген айыптылар босатылған.
Сондай-ақ билік олардың отбасына оралу үшін тиісті шараларды жасаған.
Осы уақытқа дейін Қарақалпақстандағы наразылыққа шыққандардың 107-сі босатылған.
Айта кетсек, Қарақалпақстан мәртебесі туралы Конституцияға өзгеріс енгізілетіні мәлім болған соң 2022 жылдың 1 шілдесінде халық наразылыққа шыққан еді. Өзбекстан Баспрокуратурасының мәліметінше наразылық кезінде 18 адам қаза тапқан.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024