arasha.kz

Қарасай әкімі Болат Назарбаевқа 42 гектар жерді заңсыз сатқан

Сот отырысы барысында Қарасай ауданының бұрынғы әкімі Болатбек Құтпанов Болат Назарбаевқа екі жер учаскесін сатқаны белгілі болды. Аумағы 22 гектар жердің бірі Қаскеленнің солтүстігінде орналасқан, оны 2004 жылы сатқан. Екіншісі де сол маңда 7,15 гектар болатын жерді 2005 жылы сатқан.

Заңсыз алынған жерге Қарасай аудандық прокуратурасы назар аударып, іс қозғап сотқа берген.

Сондай-ақ Қаскелең қаласы мен оның төңірегіндегі жеті учаскені сатып алу-сату мәмілесі жойылды. Олар 2014-2019 жылдар аралығында алынған.

Алматы облысы Қарасай аудандық соты прокуратураның талап арызын ішінара қанағаттандырды. Жер учаскелеріне тиісті сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылды. Оған қоса Болат Назарбаевтан мемлекеттік баж салығы ретінде 12 075 теңге өндірілді.

Exit mobile version