23-11-22 |
1370 рет қаралған
Қасым-Жомарт Кемелұлының бүкіл сайлауалды бағдарламасы әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған.
Қасым-Жомарт Кемелұлының бүкіл сайлауалды бағдарламасы әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған

Орталық сайлау комиссиясы #Сайлау2022 ресми қортындысын жариялады. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың хабарлауынша, Қасым- Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы дауыс берген. Президенттің осындай электорат қолдауына ие болуына біріншіден, сайлауалды үгіт-насихат жұмыс тобының тынымсыз саяси сауатты еңбегін басты айтуға болады.

Мысалы, Халықаралық байқаушылар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының, Америка Құрама Штаттарының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының халықаралық байқаушылары келіп Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының барлық үгіт насихат іс-шараларымен, саяси технологияларымен танысып, жоғары баға берді.

Ақпараттар сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000- нан астам ауылды аралап, үгіт-насихат жұмыстарына 3 миллион сайлаушы қатысқаны айтылды. Сондай-ақ, Президентті қолдау штабының сайлауалды үгіт-насихат бойынша:
– біріншіден, агитациялық видеода өзін емес атқарған жұмысы туралы көрсетуі. Сөзбен емес іспен дәлелдеуі.
– екіншіден, шынайылық. Ешқандай танымал адамдарсыз, қарапайым халықтың қатысуымен ғана агитөнім шығарды.
– үшіншіден, бағдарламасынан әр адам жасына, қызметіне қарамастан өзіне керектіні көрді.
– төртіншіден, жаңа саяси технологиялар қолданылды. 21 ғасырғы тенденцияға байланысты, әлеуметтік желілерге ерекше мән берді. Соның арқасында жылдағындай орта жастағы адамдардың ғана емес, жастардың да қатысу пайызы артты.

Сонымен, сайлауалды үгіт-насихаттан бөлек қазіргі президенттің жеңіске жеттуіне әсер еткен факторлар ретінде, елімізде тамырын жайған кландық жүйе, бір тұлғаға табыну, автократиямен күресудегі қадамдар жасалып, «Халық үніне құлақ асатын » президент ретінде көзге түсті. Тағы бір өте өзекті мәселелердің бірі – мемлекеттің байлығын елге қайтарып, халықтың жерді иелену құқығын берді. Тек ішкі проблемалар емес Батыс, Қытай, Түркия, Ресей, Араб әлемі, постсоветтік мемлекеттерімен сындарлы қатынас орнатумен айналысты. Әділдік пен шынайылық ұстанып «Әділетті Қазақстан» ұғымына топтастыра білді.

Қортындылай келе, айтылған факторлардың барлығы президенттің басқа кандидаттардан ерекшелігін, халықтың көңілі мен үміті, өзгеріс пен өзгеріске деген сеніммен ауыстырылғанын көре аламыз. Халықпен бірге әділ қоғамдық сұранысын жүзеге асыруда. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлының бүкіл сайлауалды бағдарламасы әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған.

Меруерт Түлебаева

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.