ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады.
Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады.
Тамыз айының басында Британия Қазақстаннан қару-жарақ сатып алып, Украинаға жеткізеді екен деген ақпарат тараған. Мәміле «Техноэкспорт» компаниясының делдалдығы арқылы жүзеге асырылады, ал 46 миллион доллар сомасындағы келісімшарт 2022 жылдың 16 шілдесінде жасалған делінген еді.
Дегенмен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ондай келісімшарттың болғанын растамады.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024