26-09-22 |
1660 рет қаралған
Қазақстан-Ресей шекарасының Петропавл жағы жабылды.
Қазақстан-Ресей шекарасының Петропавл жағы жабылды

Қазақстан-Ресей шекарасының Петропавл жағы бүгіннен бастап жабылды. Бұл туралы Orda.kz мәлімдеді.

Такси жүргізушілері мен дереккөздердің айтуынша, Ресей тарапы әскери жастағы ер азаматтарды шекарадан өткізбей жатыр.

Кейбір мәліметтер бойынша, Ресей Федерациясының шекарасында өте алмағандардың барлығын әскерилер күтіп отыр. Олар дереу автобуспен әскери комиссариаттарға жеткізілмек.

Бұған дейін ФСБ шекарашылары әскери комиссариаттардың талабы бойынша ресейліктердің елден шығуына тыйым сала бастағаны туралы мәлімет тараған.

Оған қоса, басып алған аумақтардағы референдум аяқталысымен, 28 қыркүйекте ресейліктерді шекарадан өткізу тоқтатылады деген. Бірақ, соғысқа жарамды азаматтарды шекарадан өткізу бүгіннен бастап тоқтаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.