Bloomberg хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы «Буденовское» кенішінің бір бөлігін ресейлік «Росатом» корпорациясына сатуы салдарынан ұлттық компаниядан топ-менеджерлер кетіп қалған.
«Ресейдің жаңа ірі уран кенішіндегі үлесін сатуы елдегі мемлекеттік тау-кен компаниясындағы топ-менеджерлерінің жаппай кетуіне себеп болды. Осы мәселенің мән-жайын білетін адамдардың айтуынша, «Буденовское» кенішінің бір бөлігін сатып алу туралы келісім былтыр жылдың соңында жасалған. Олар радиоактивті металдың әлемдегі ең ірі көзі – Ресейдің «Росатом» атом монополиясы болады деп болжап отыр. Негізі «Қазатомөнеркәсіп» тау-кен өндіру компания басшылығының қарсылығына қарамастан, мәміленің орындалуына Қазақстанның белгілі қоры себепкер болды (ҚазТАГ-тың хабарлауынша, бұл қор – «Самұрық – Қазына»). Осыны айта отырып, олар өздерінің атын атамауын өтінді», – делінген хабарламада.
Жалпы, «Қазатомөнеркәсіптің» 2022 жылғы наурыз айындағы қаржылық шолуында және оның сәуір айындағы жылдық есебінде меншік иесінің ауысуы туралы ескертілген, бірақ сатып алушы ретінде «Росатом» көрсетілмеген болатын.
Қазақстан үкіметі өзінің әл-ауқат қоры арқылы «Қазатомөнеркәсіптің» 75 пайыз акциясына иелік етеді. Ал олар біле берсек, Лондон қор биржасында саудаланатын акциялар. Қатты қысымның салдарынан мәміле жабық күйде, артық адамның қатысуынсыз өткен. Тіпті, сол отырыста екі бас директор қызметінен алынды. Олар – қаржы директоры, бас операциялық директоры және Бас коммерциялық директор. Олар 18 айдың ішінде осындай қысқартудың кесірінен компанияның лауазымды тұлғалары ретіндегі заңды міндеттемелерін бұзуы мүмкін деп алаңдауда», – делінген хабарламада.
Bloomberg айтқанындай, Ресей – уранды байыту жағынан әлемдік қуаттың жартысын құрайды. Себебі, олар бүкіл әлем бойынша ядролық реакторларға отын жеткізіп отыр. Алайда өз зауыттарын жабдықтау үшін олар қазақстандық кеннің импортына байланысты.
«Буденовскийдегі үлесін алса, үш жыл ішінде әлемдік өндірістің 10 пайыздан астамын құрамақ. Соның арқасында Росатомға жеткізілудің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Негізі келісім бірнеше жыл бойы талқыланған секілді. Дереккөздердің мәліметінше, тек өткен жылдың соңында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық әл-ауқат қорының тапсырмасы бойынша Буденовскийге 6 және 7 блоктарды әзірлейтін кәсіпорын акциясының 49 пайызын басымдықпен сатып алуды өткізуді ұсынбаған екен. Соның салдарынан бұл «Росатомға» үлесті сатып алуға және келіссөзге араласуға мүмкіндік берген», – деп жазды басылым.
Келісім екі елдің, яғни Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың аясында жасалған.
«Қазатомөнеркәсіптен» қызметкерлерінің кетуі 2021 жылдың тамыз айынан басталды. Ең әуелі осыдан үш жыл бұрын компанияның Лондондағы акциялар листингіне алып келген Бас директор Ғалымжан Пірматов қызметінен кетті. Былтыр шілде айында оның мұрагері Мәжит Шәріпов, ал наурыз айында бас операциялық директор Аслан Бөлекбай компаниядан кетті. Қаржы директоры Камила Сыздықова мен Бас коммерциялық директор Асқар Батырбаев желтоқсанда қызметін босатты.
Қазір Ғалымжан Пірматов – Қазақстанның Орталық Банкінің (Ұлттық банк – ҚазТАГ) төрағасы. Банктің баспасөз қызметі, оның өз өтінішімен директорлар кеңесінен кеткенін жеткізді. Ал Батырбаев пен Сыздықова «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы мәлімдемелеріне сілтеп, түсініктеме беруден бас тартты», – деп көрсеткен басылым.
Басқа басшылар да бұған қатысты сұрақтарға жауап бермеген.
«Қазатомөнеркәсіптің» нормативтік құжаттарында барлық басшылар жеке себептермен кетті деп көрсетілген. Сонымен олардың Ресеймен жасалған мәмілесі тиісті түрде ашылмағанын және сенімгерлік міндеттерін бұзды деп атаған. Ал компания бұл оқиғаға қатысты сұрақтарға жауап бермеді. Қазақстан Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына сілтеді. Ал қордың баспасөз қызметі бұл сауалдарды «Қазатомөнеркәсіпке» жолдады.