Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді, деп ДСҰ-ға сілтеме жасап, coronavirus2020.kz хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.
Өткенде Ресейге барған Қазақстан үкіметі делегациясы Ресейдің вакцинасы барлық сынақтардан өткен соң, кепілді көлемдегі вакцинаны сатып алу туралы келісіп қайтқан еді.
Мамандар үкіметтің асығыс шешім қабылдағанын, өз ғалымдарымыздың жасап жатқан вакцинасын күту керектігін айтқан.