arasha.kz

Қазақстанда екі мыңға жуық дәрігер коронавирус жұқтырған

фото: azh.kz

фото: azh.kz

Қазақстанда 1,9 мыңнан аса медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.

«Коронавирус жұқтырғандардың 12% медицина қызметкерлері. Бұл дегеніңіз 1904 медицина қызметкері. Олардың 30% жұмыста жүріп коронавирус жұқтырған» деді Ақтаева.

Сондай-ақ вице-министр медицина қызметкерлері арасында кадр тапшылығы бар екенін мойындаған. Оның айтуынша, кадр тапшылығы негізінен ауылды жерлерде көрінеді.

Exit mobile version