Қазақстанда кедейлік деңгейі былтырға қарағанда көтеріле түскен. Аталған деректі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келтірді.
«Былтыр елімізде кедейлер үлесі 4,9% болса, биыл 5,1%-ға жетті. Демек, кедейлер саны артқан. Жоғары инфляция азаматтардың табысына айтарлықтай әсер етті. Тапқан табыстың дені (60-70%) азық-түлікке жұмсалады. Нәтижесінде отбасыны одан әрі дамытуға қаржы жетпейді. Әрине, күнкөріс деңгейінің азая түсуі әр отбасыға әсер етеді», – дейді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан әрі министр қандастарды қолдауға қатысты ойын ортаға салды, деп жазды ҚазАқпарат.
«Әлемде этникалық иммиграциямен айналысатын төрт ел бар, соның бірі – Қазақстан. Бізден бөлек, Израиль, Польша және Германия. Этникалық қандастарға арналған жобаны әзірлеу барысында аталған елдердің тәжірибесі ескерілді. Оған сәйкес өзге елден келген қандастарды Отанына бейімдеу мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау, көмек көрсетіледі, яғни тұрғын үй және еңбекпен қамту деген секілді. Біздің қандастарымызға ұсынатын әлеуметтік көмегіміз көп те, аз да емес. Олардың Отанына бейімделуі үшін көрсетілетін алғашқы көмек деуге болдаы», – дейді ведомство басшысы.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024