Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы бес адам тіркелді деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Алматы қаласында 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам жаңадан тіркеліп отыр. Демек осы сағатқа қарасты Алматы қаласында 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 адам, жалпы саны 32 адам тіркеліп отыр», -деп мәлімдеді ДСМ.