Сенатор Динар Нөкетаева үкімет басшысына жусаннан коронавирусқа қарсы дәрі жасау туралы депутаттық сауал жолдады.
«Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцина бар. Алайда әлем бойынша екпе алғандардың арасында вирус жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр. Сол себепті ғалымдар коронавирустың арнайы дәрісін іздеуге кірісті. Өсімдіктердің емдеу қасиетін фармацевтикалық препарат ретінде пайдалану тәжірибесі де қарастырылып отыр», – деді Нөкетаева сенаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде коронавирустан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында «Артесунат» препаратын қолдану мәселесін зерделеніп жатыр. Бұл – безгекке қарсы дәрі. Оны жусаннан жасайды.
«Қазақстанда осы бағытты дамытуға мүмкіндік бар. Бізде емдік шөптердің түр-түрі өседі. Соның бәрін фармацевтикалық өндірісте пайдалануға болады. Мәселен оңтүстік өңір Дармина жусанының табиғи аймағы болып саналады. Оның құрамында «дарминол» атты эфир майының көп мөлшері бар. Бұл зат стафилококк, стрептококк және тағы басқа бактериялар мен вирустарға қарсы, тіпті, қабынуға қарсы күшті әсері бар.
Қазіргі кезде коронавирустан болатын өлім-жітімді азайту мақсатында «Артесунат» препаратын қолдану мәселесін зерделеніп жатыр. Бұл – безгекке қарсы дәрі. Оны жусаннан жасайды. Сол себепті жусанның сығындысы COVID-19-ға қалай әсер ететінін өзімізде зерттеу керек. Бүгінде осы бағытта Сокольский атындағы отын, катализ бен электрохимия институтының ғалымдары өсімдік шикізатынан СOVID-19 және негізгі инфекцияларға қарсы жоғары тиімді дәріні жасауға арналған ғылыми бағдарламаны іске асырып жатыр. Сондықтан коронавирусқа қарсы тиімді дәрінің Қазақстанда табылатынын жоққа шығармаумыз қажет», – дейді Нөкетаева.
Сенаторлар ғылымға бөлініп жатқан қаржы аясында өсімдік шикізатынан дәрі жасау бастамаларына қолдау көрсетуді сұрады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024