20-05-23 |
2050 рет қаралған
Қазақстандық компания Ресейге дрон жеткізіп отырған.
Қазақстандық компания Ресейге дрон жеткізіп отырған

«Важных историй», Der Spiegel, «Власть» және OCCRP бірігіп жүргізген зерттеуге сәйкес, қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы дрондарды Ресейге жеткізіп отырған.

«Ресейдегі дрон сататын компания қазақстандық мердігерлермен байланыста жұмыс істеп келген. Журналистер Ресей кеденінен алған мәліметте 2022 жылы қазақстандық «Аспан Арба» компаниясы Ресейге 500-ден астам дрон жеткізгені көрсетілген. «Аспан Арба» компаниясы 2022 жылдың сәуірінде тіркелген, яғни Ресей Украинаға басып кірген соң тіркелген», – делінген зерттеу мәліметтерінде.

Келтірілген мәліметтерде 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге 1,23 млн доллардың дроны кірген. Зымырандар мен саперлерді қуаттандыратын чиптер сияқты дрондар әлі де нарықөа еркін кіріп жатыр.

Журналистердің айтуынша, Ресей әуесқойлар қолданатын қарапайым дрондарды соғыста пайдаланып жатыр. Сатылымда DJI дрондары да бар, алайда Қытай тарапы ондай құрылғыларды ресейліктерге сатпай отырғандарын айтуда.

Зерттеу авторлары Қазақстандағы «Аспан Арба» мен Ресейдегі «Небесной механика» компанияларын бір адам басқарып отыр деген пайымда.

Екі компанияның да иесі ретінде Илья Гольбергті атап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.