27-09-22 |
1410 рет қаралған
Қазақстанға бір аптада 98 мың ресейлік кірген.
Қазақстанға бір аптада 98 мың ресейлік кірген

ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов брифинг барысында 21 қыркүйектен бері елімізге Ресейден жүз мыңдай адам келгенінін мәлімдеді.

«21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 98 мың Ресей азаматы кірген, Қазақстаннан 64 234 ресейлік азамат елден шыққан. 21 қыркүйектен бастап Қазақстанның резиденті емес 8 мыңнан астам резидент ЖСН алды», – деді ол.

Сонымен қатар ол осы жылдың 1сәуірінен бастап 93 045 Ресей азаматы Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алғанын айтты. Бірінші сәуірден бастап 4 271 адам мекендеу қағазын алған. Оның 116-ы ғана этникалық қазақ. Ал, азаматтық алуға 441 адам өтініш берсе, соның 117-сі ғана этникалық қазақ екен.

Айта кетсек, РФ президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте Украинадағыс соғысқа байланысты елде ішінара мобилизация жасау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол сәттен бастап осығысқа барғысы келмейтін Ресей азаматтары көрші елдерге бас сауғалауда. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.