16-03-23 |
1380 рет қаралған
Қазақстаннан әскери құралдарды Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды.
Қазақстаннан әскери құралдарды Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды

Әскери киім-кешек пен өзге де құралдарды Ресейге контрабандалық жолмен алып өтпек болғандардың жолы кесілді.

«Қайрақ» автокөлік бақылау-өткізу пунктінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандар анықталды. Жүк бөлігінде киім-кешектер салынған «Газельді» Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ұстады», – делінген хабарламада.

Анықталғандай аталған тауарларды алып жүру құжаты болмаған.

«Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде», – дейді Кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел шаралар нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.