arasha.kz

Қазақстанның қай өңірінде әлі де үй телефонын қолданады?

фото: AIF

фото: AIF

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында елімізде байланыс құралдарын пайдаланушылардың бар жоғы 4% үй телефонының қызметін пайдаланған екен.

Үй телефонынан ауылды жерде тұратындар көбірек бас тартып жатқан көрінеді. Жалпы мұндай қызметтен бас тарту 2014 жылдан бері қарқын алыпты.

Еnergyprom.kz мәліметтері бойынша, қаңтар айында жергілікті телефон байланысы 3 млрд тг құрап, бір жылда 5,5%-ға азайған. Оның 864,1 млн тг ауылды жерлердегі тұрғындарға тиесілі екен. Олардың саны бір жылда  12,5% -ға азайған.

Үй телефонын ең көп тұтынатын аймақтардың үштігіне Алматы қаласы, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары кіріп отыр.

Барлық қолданушылардың 21,8% (655,3 млн тг) Оңтүстік астана тұрғындарына тиесілі екен.  Алматыда үй телефонын тұтынушылар саны бірден 11,9%-ға өскен. Ал Қарағандылықтар жалпы осы қызметтің 10,6%,  Шығыс Қазақстан тұрғындары 7,8% тұтынады.

Үй телефонының абоненттік төлемі елде орта есеппен 1006 теңге. Бұл тариф 2013 жылдың ақпанынан өзгермеген.

 

Exit mobile version