Желіде қазақтарды бауыздау керек деген орыстың қазақтардан таяқ жеген видеосы тарады.
Видеодан Украинада соғысып жатқан Ресейде тұратын қазақтардың орыс жігітін ортаға алып, ұрып жатқанын көруге болады.
Олар орыс жігітінен қазақтарды неге балағаттағанын сұрап, кешірім сұратады.
«Біз сендер үшін соғысып жүрміз. Ал, сен қазақтарды бауыздау керек дейсің», – деп қазақтардың бірі оны бетінен тебеді.