23-08-22 |
1050 рет қаралған
Қазақты қорлағанда үнсіз қалатын Ассамблея Украина елшісінің сөздерін қатаң сынға алды.
Қазақты қорлағанда үнсіз қалатын Ассамблея Украина елшісінің сөздерін қатаң сынға алды

Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі Украина елшісінің қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң сынға алды.

«Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайды деп санаймыз.

Бейбітшілік пен бірлік – біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды.
Дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс», – делінген хабарламада.

Хабарламада ұрпақтың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілік пен халық бірлігін сақтау екені айтылған.

«Қазақстанның біртұтас көпэтносты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік қағидалары мызғымайтын ұстаным. Олар бізге Тәуелсіздігіміздің қалыптасуының ең қиын жылдарында да этносаралық қақтығыстардың алдын алып, еліміз бен халқымыздың тұтастығын сақтауға көмектесті.
Өшпенділікті қоздыратын кез-келген пікір, этностық жек көрушілік пен оның қандай болмасын көріністерін насихаттау – біз үшін жат ұғым.
Барлық қазақстандықтарды дұшпандық пен зұлымдықты насихаттайтын арандатуларға ермей, ұрпақтың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілік пен халық бірлігін сақтауға және нығайтуға шақырамыз», – делінген Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский бұған дейін блогерлердің бірімен сұхбаттасып, орыс халқына қатысты деген аса өшпенділігін жеткізген. Аталған видеосұхбат Telegram-каналдар арқылы тарады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.