ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары 2 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.
«Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазпошта» АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтынын атап өтті.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024