30-09-22 |
1330 рет қаралған
Қоғамға тиімді еңбек.
Қоғамға тиімді еңбек

ШҚО бойынша ҚАЖД «№24 мекемесі» өндіріс аланыңда тапсырыс беру арқылы құм блогы және тас төсеу шығарылады. Жеке кәсіпкер сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтып өз кәсібін дөнгелетуде.

Сотталғандар еңбек ақысын атқару парақтары және алимент міндеттемелеріне өз еріктерімен аударуда. Жеке кәсіпкерлерді ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелердің өндірістік аумақтарын жалға беру арқылы жазасын өтеушілерді ақылы жұмыспен қамту ол сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің басты мақсаты болып табылады.

Сотталғанды жұмыспен қамту арқылы оның қоғамдағы орның айқындау, бостандыққа шыққаннан кейін ортаға тез бейімделуіне өз септігін тигізеді.

№24 мекеме қызметкері
Кошербаева Арай

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.