12-08-22 |
1310 рет қаралған
Қорғаныс министрлігі әскерде қысым көрдім деген қыздың сөзін теріске шығарды.
Қорғаныс министрлігі әскерде қысым көрдім деген қыздың сөзін теріске шығарды

Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметші А.Б. Елшібаеваның Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарылуы және батальон командирі тарапынан оған оғаш қылық көрсетуі туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға қатысты қосымша тексеруді аяқтады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомствоның хабаралауынша министрліктің комиссиясы азаматша А.Б. Елшібаеваның айтқан тұжырымы мен айғақтарын қайтадан мұқият зерделеді.

«Комиссияның жан-жақты тексерісінің нәтижесінде А.Б. Елшібаеваның арызында көрсетілген фактілер құжатпен расталмағанын және шындыққа жанаспайтынын анықтады.
Бұған дейін, 2022 жылдың 6 мамырында Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімі аталған әскери қызметшінің жазбаша өтініші бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген. Батальонның барлық жеке құрамы А.Б. Елшібаеваға қатысты 54179 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз іс-әрекет фактілерінің болғанын растамады.
Жаңа комиссия жұмысының нәтижелері және Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімі жинаған материалдарды қарау, сондай-ақ 54179 әскери бөлімі қызметшілерінің түсіндірмелерін талдау бойынша азаматша А.Б.Елшібаева ұсынған айыптаулар расталмады», – делінген ведомство хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұрынғы әскери қызметші қызмет атқару барысында батальон қолбасшылығы тарапынан бірнеше мәрте ескерту алған және әскери бөлімнің аумағына ұялы телефонды заңсыз алып кіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

«Осы жылдың 3 мамырында аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес А.Б. Елшібаева жауынгерлік даярлық бағдарламасын төмен меңгергені және тәртіпті бұзғаны үшін ҚР Қарулы күштері қатарынан теріс пиғылы бойынша шығарылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес А.Б. Елшібаева аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда сот органдарына жүгінуге құқылы екенін хабарлаймыз», – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Алматы облысы Шенгелді ауылында орналасқан 54179 әскери бөлімінде жұмыс істеген қыз басшысы тарапынан азғындық көрген деп хабарлады «НеМолчиKz» қоғамдық қоры. Әскерге келісімшартпен жұмыс істеуге барған қыз ақыры жұмыстан қашып құтылған.
Айғаным Елшібаеваның айтуынша ҚР Қарулы Күштер қатарында еңбек етуді бала күнінен армандаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.