arasha.kz

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы 20 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді

Антикор Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктеліп отыр. Ол Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Exit mobile version