arasha.kz

Қостанайда өрт басталғаннан бері 2091 адам эвакуацияланды – ТЖМ

Қостанайдағы өрттен елдімекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір елді мекенде (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумағында) қарауылдау ұйымдастырылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Аздаған жауын жауғандықтан ауа ылғалдығы күшейді.

«Сағат 7:30-дан 8.40-қа дейін өрт аумағына ұшу жұмыстары жүргізілді.
Әуеден барлау нәтижесінде Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына қарай ауданда өрт төменгі бөлігінде байқалады. Озерное, Лесное және Аманқарағай ауылдарында жағдай тұрақталды. Озерное, Аманқарағай ауылдарында тек локальды өрт ошақтарының жануы, түтін байқалады.
Күштер мен құралдар негізгі жұмыс жүргізетін Бағаналы аудандарына қайта топтастырылды. Бағаналы, Озерное, Лесное ауылдарында елді мекендерінде жерді жырту жұмыстарын жүргізу үшін Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың инженерлік техникасы да жұмылдырылады»,- делінген хабарламада.

Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды (3 қыркүйекте Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан- 1841 адам, 5 қыркүйекте Бағаналы ауылынан Қазанбасы ауылына – 250 адам).

Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатының эвакуациялау пунктінде 66 адам бар. Эвакуцияланғандардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарының үйінде.

Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.
Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғаныс министрлігі, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

11 адам (халықтың 6 адамы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.
Суағар құрылғылары үшін тікұшақтармен су алу табиғи су қоймасынан 25 км қашықтықта жүргізіледі, өрт сөндіру басталған сәттен бастап 137 су ағызу жүргізілді.
4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 га.

ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түсті.
Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. Консультативтік көмек 57 адамға көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Exit mobile version