Қазақстан темір жолы компаниясының 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың жауабында айтылған.
«Осы жылы Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері магистральдық теміржол желісінің 8 объектісін тексерді. Нəтижелері бойынша əртүрлі бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Ішкі істер министрлігі Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігімен жəне Қазақстан темір жолымен бірлесіп, теміржол төсемінің бойында қоршау құрылғыларының болуына 1 022 тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға 832 ұсыныс енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша ҚТЖ-ның 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Берік Асылов.
Оның атап өтуінше, ҚТЖ пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмысын жүргізіп отырады.
«Темір жолдарға тікелей жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қауіптілігі жоғары аймақтағы тəртіп жəне мал жаю ережелерінің талаптары түсіндіріліп келеді. Бөгде адамдардың белгіленбеген жерлерден өтуіне жол бермеу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, стансалардың аумақтарында рейдтер жүргізіледі», – деді ол.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024