30-06-20 |
1420 рет қаралған
Қуандық Шамахайұлының шәкірттері билікке ашық хат жолдады.
Қуандық Шамахайұлының шәкірттері билікке ашық хат жолдады

Коронавирус індетінен қайтыс болған журналист Қуандық Шамахайұлының шәкірттері Қазақстан президенті, Денсаулық сақтау министрі, Ішкі істер министрі, ҚР Бас прокуроры мен Нұр-Сұлтан қалалық № 1 қалалық аурухананың бас дәрігеріне ашық хат жолдады. Бұл туралы журналист, қоғамдық белсенді Дина Елгезек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Ашық хат иелері құзырлы органдарды Куандық Шамахайұлының өліміне қатысты тергеуді ашық әрі жариялы түрде жүргізуін, науқас қабылдаған препараттың атауы мен оның қандай емге қолднғанын айтуды, тергеу қорытындысы бойынша БАҚ алдында ресми мәлімдеме жасалуын талап етіп отыр. Ашық хаттың толық нұсқасы төменде.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа

ҚР Денсаулық министрі А.В. Цойға
ҚР Ішкі істер министрі Е.З. Тұрғымбаевқа
ҚР Бас прокуроры Г.Д. Нұрдәулетовке
№ 1 қалалық аурухананың бас дәрігері М.Қ.Абдуовқа

АШЫҚ ХАТ

Бүгін,28 маусымда Нұр-Cұлтан қаласының «№ 1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-де ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті белгілі журналист, Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Марқұм өзіне қастандық жасалуы мүмкін екендігіне күмәнданып, қаралы хабар тарағанға дейін 6 сағат бұрын жеке парақшасында жазба қалдырды.

«Астанадағы Біріншіклиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын. Кешеден бері дəрігерлер ковид тексері сжасаймыздесіп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 2 ..00-де Дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да кетті. Сəлден кейін мед жігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əреккеттері күмəнді. Ещтеңе түсіндірмейді», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Ел ішін коронавирус пандемиясы жайлап, бойымызды үрей билеген тұста қоғамға белгілі тұлғаның жұмбақ жағдайда көз жұмуы, онсыз да билікке сенімі азайған халықтың көңіліндегі күдігін күшейтіп, дәрігерлердің беделіне нұқсан келтіретіні анық. Осы орайда,құзырлы органдарКуандық Шамахайұлының өліміне қатысты тергеуді ашық әрі жариялы түрде жүргізуін талап етеміз. Науқас қабылдаған препараттың атауы мен оның қандай емге қолданылатыны барлығы ашық айтылуы тиіс. Тергеу қорытындысы бойынша БАҚ алдында ресми мәлімдеме жасалуын және талап етеміз.

Қуандық Шамахайұлы Қазақстан аумағында жүздеген шәкірт тәрбилеген білікті ұстаз. Жас журналистердің азаматтық көзқарасының қалыптасуына, кәсібіне адал болуынабір кісідей ықпал еткен білімді тұлға. Ол кісінің шәкірттері бүгінде елдегі белді БАҚ-тарда ел мүддесі үшін еңбек етіп жүр. Марқұм ғалым ретінде де артынан құнды ғылыми еңбектер мен кітаптар жазып қалдырды. Мемлекетіміздің дамуы үшін, қоғамдағы қилы мәселелерді өткір көтерген арда азаматқа қастандық жасау, бүкіл қазақ қоғамына қол көтерумен тең деп бағалаймыз.

Қуандық Шамахайұлының шәкірттері

Аханова Айгерім
Атамбаева Алмат
Аманжолқызы Ақбота
Әбілова Сағыныш
Баязитова Ақмарал
Үрімхан Ерболат
Рахымжан Жомарт
Есенхан Жазира
Көбенова Құралай
Рахымберлина Динара
Дүйсекина Мөлдір
Мақышева Ботагөз
Мұқашева Жібек
Ыбыраева Самал
Ыбыраев Айдар
Шошаева Айнұр

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.