Алмалы аудандық соты қазақстандық файтер Қуат Хамитовті 6 айға бас бостандығынан шектеуге үкім шығарды. Танымал спортшы енді алты ай бойына шетелге шыға алмайды. Сонымен қатар оған беймезгіл уакытта қоғамдық орындарда жүруге және көңіл көтеретін орындарға баруына тыйым салынды. Ол әр қадамын пробация қызметіне хабарлап отыруға тиіс. Жұмыстан бос уакытта тұрғылықты жерінен шығуға рұқсат жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.
Отандық файтерге Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігімен айып тағылып, Алмалы ауданы сотында қаралды. Аталған бапта «билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» көзделген.
Спортшы соңғы сөзінде шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраған болатын.
«Сот қандай жаза кессе де, мен үшін ең бастысы шетелге шығуға мүмкіндік берсе болды», – деген еді ол.
Еске салсақ, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар «халықты улап жатыр» деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеген болатын. Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.
Аталмыш бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024