arasha.kz

Құрылыс компаниясы Алматыда коттедждердің заңсыз құрылысына қатысты сынға жауап берді

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Baganashil Hills коттедж қалашығы құрылыс саласындағы реттеуші органдардың барлық талабына сай салынып жатыр. Бұл туралы осы жобаны іске асырып жатқан Everest Property компаниясының өкілдері хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде осы аудан тұрғыны Baganashil Hills коттедж қалашығына қатысты сұрақ қойды. Оның сұрағына қала әкімдігінің қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы құрылыс заңсыз жүргізілгенін және құрылыс салушы компанияға талап-арыз дайындалып жатқанын айтты.

Ал компанияның өкілдері Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылы бұйрық бекіткенін айтты. Бұйрықта екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үй салу бойынша жобалар жеңілдетілген тәртіппен жүргізілетіні жазылған. Атап айтқанда, коттедж қалашығында осындай ғимараттар салынуда.
Бұл үйлерге көпқабатты тұрғын үйге секілді жобалау-сметалық құжаттама дайындау қажет етілмейді. Сонымен қатар ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, сәулет-құрылыс бақылау жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар ету, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне авторлық және техникалық қадағалау жүргізу керек емес.

«Дегенмен, жобалық жұмыстарды бастамас бұрын біз дайындық жұмыстарын жүргіздік. біз инженерлік желілер бойынша техникалық шарттар мен сәулет-жоспарлау тапсырмасын алдық. Бұл шара жобаның егжей-тегжей жоспарлау бойынша құрылыс регламентіне – аланың бас жоспарына сәйкестігін көрсетеді»,-дейді құрылыс салушы компания өкілдері.

Бұдан бөлек, Everest Property жер учаскелеріне геологиялық зерттеулер жүргізді, авторлық және техникалық қадағалауларды жүргізу бойынша аккредиттелген компаниялармен, сондай-ақ сынақ жұмыстарын бақылау үшін сертификатталған зертханамен келісімшарттар жасалды.

Геологиялық зерттеулер шөкпейтін топырақ қабаттары қолданыстағы рельефтен 4-5, 5 метр тереңдікте екенін көрсетті. Коттедж ауылында үйлер салу үшін 0,5-1,2 метр жер қабатын жасау және тығыздау қажет. Бұл қабат «ҚазҚСҒЗИ» ұсынымдарына сәйкес нығайтылады.

Жоғарыда аталған жұмыстар аяқталған соң әр үй бойынша шөгінді топырақтың тығыздығын анықтау үшін топырақтың деформация модуліне зертханалық сынақтар жүргізіледі. Мұның бәрі зертханалық қорытындыда жазылған.

Бір сөзбен айтқанда, коттедж қалашығы құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес және құзыретті ұйымдардың барлық талабы мен ұсынымдарын сақтай отырып салынады.

«Осыған байланысты жобаның сапасы мен құрылысына қатысты талаптар негізсіз деп санаймыз», – деп атап өтті құрылыс салушы компания өкілдері.

Exit mobile version