19-09-22 |
1120 рет қаралған
Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты.
Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты

Екі ел арасындағы қақтығыс 14 қыркүйектен 16 қыркүйекке дейін жалғасты, деп жазды Inbusiness.kz.

Екі елдің үкіметтерінің жексенбілік мәлімдемесіне сүйенсек, қақтығыс құрбандарының жалпы саны 94-ке жетті. Қырғызстан билігі шекара маңындағы Баткен облысындағы қақтығыс нәтижесінде 59 адам қаза тауып, тағы 144 адам жарақат алғанын хабарлады.

Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі тәжік тарапынан зардап шеккендердің санын бірінші рет атады. Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында 35 қаза тапқан және 25 жараланған тәжік азаматтары туралы хабарланған, олардың арасында әйелдер мен балалар бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.