Қырғызстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізбейтін болды.
Sputnik.kz сайтының мәліметінше, Әскери маневрлер 10 қазаннан бастап республика аумағында өтуге тиіс болатын. Қырғызстан ҰҚШҰ-ның ресми сайтындағы іс-шаралар күнтізбесінен алынып тасталды.
Оқу-жаттығулардың өткізілмеу себебі туралы елдің қорғаныс министрлігі ресми мәлімеме жасаған жоқ.