11-10-22 |
1410 рет қаралған
Қырғызстан ҰҚШҰ жаттығуынан неге бас тартқанын түсіндірді.
Қырғызстан ҰҚШҰ жаттығуынан неге бас тартқанын түсіндірді

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Еділ Байсалов ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық – 2022» оқу-жаттығуларын өткізбеу туралы шешім қабылдауға Тәжікстанмен болған жанжал себеп болғанын айтты, деп жазды Zakon.kz.
Қырғызстандағы қоғамдық пікір Тәжікстанмен жақында болған қақтығысқа байланысты армияның алдағы жаттығуларға қатысуын құптамайтын еді.
«Бізде бұл ұйымға, мандатқа, миссияға, жарғыға қатысты ешқандай проблема жоқ. Бірақ, әрине, соңғы оқиғалар тұрғысынан ашу-ыза әлі басылған жоқ», -деді Қырғызстанның вице-премьер-министрі Еділ Байсалов.
Қырғызстан 9 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуден бас тартты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.