Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін Киевтің тұрғын үйлері жаппай атқылануда.
«Қаланың орталығы атқыланып, бейбіт тұрғындар қаза тапты», – дейді Киевтің мэрі Виталий Кличко.
Украиналық БАҚ-тың мәліметінше, негізінен адамдар көп тұратын тұрғын үйлер нысанаға алынған, оның ішінде балалар ойын алаңы да бар. Атқыланған жерлер мен қираған үйлердің фотосы желіде тарады.
Ресей әскерінің атқылауынан қаза тапқандар мен жаралылар бар.
Киевте әуеден зымыранмен атқылау қатері әлі де сақталуда, жаппай Украина бойынша дабыл қағылды. Айта кету керек, негізінен әскери нысандар емес, бейбіт халық тұратын орындар атқылануда.
Киевті атқылау Қырым көпіріндегі жарылыстан екі күн өткенде басталды. Ресей көпірді жарды деп Украинаны айыптады, бірақ оған еш айғақ келтіре алмады.