Бұрынғы мемлекет хатшысы Қырымбек Көшербаев «Ембімұнайгазә АҚ-ның тәуелсіз директоры болып тағайындалды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Басқармасының шешімімен Көшербаев Қырымбек Елеуұлы «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде қабылданды», — делінген хабарламада.
2019-2022 жылдар аралығында Қ. Көшербаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болды.
2019 жылы президент әкімшілігінің басшысы лауазымында болды.
2012-2013 жылдары Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.