arasha.kz

«Қысқы террорды жеңдік»: Украина дипломатиясының басшысы көктемге жеткен жерлестерін құттықтады

Ресейдің басқыншылық әрекетінен жылусыз, жарықсыз қалған украиндықтар көктемге жетуімен бірін бірі құттықтап жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy шетелдік басылымға сілтеме жасап.

Ресей Киевтің энергетикалық инфрақұрылымын қыс кезінде бомбалап, түгелге жуық істен шығарған болатын. Жылусыз, жарықсыз қалған украиндықтар жауына сонда да берілмеді. Украина дипломатиясының басшысы «қысқы террорды жеңуімен» елді құттықтады.

«Суық және қараңғы болды, бірақ біз берілмедік. Украина «қысқы террорды жеңді», – деді Украина дипломатиясының басшысы Дмитрий Кулеба.

Ресей Украинаға басып кіргелы бері елдің бас қаласы Киев үнемі жаудың бомбалаушы ұшағының шабуылына ұшырап келеді. Қысқы уақытта Путин агрессоры қаланың инфрақұрылымын түгелге жуық қиратты.

Сонымен қатар биыл алғаш рет Еуропалық Одақ елдері де қыстан Ресей газынсыз шықты. Өзіне қарсы санкцияларды күшейткен соң Ресей қыста көгілдір отын беруді де қысқартты. Батыс елдері Ресей газынсыз да қыстан шыға алатынын дәлелдеді.

«Серіктестеріміз бізге көмек көрсету арқылы қолдау білдірді. Соңғы жеңіс әлі алыс. Бірақ біз қалай жеңу керек екенін білеміз. ЕО Ресей гасынсыз да қыстан шықты», — деді Кулеба.

Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов та соғыстан кейінгі көктеммен жерлестерін құттықтады. Украинадағы қыс энергетикалық нысандарға ресейлік зымыран мен жарылғыш дрондар жиі-жиі шабуылға шықты. Укаиналықтарды тылдағы соғыста жеңе алмаған соң, Путин билігі зұлымдықтың басқа әдісіне көшті. Инфрақұрылымды құрту арқылы халықты тізе бүгуге мәжібүрлемек болды. Шабуылдан қыста үнемі электр қуатын, жылуды және су құбырын жаппай өшіруге тура келді. Бомбалаудан соң Украинаның жедел қызметтері зақымдалған әрбір электр станциясын жөндеумен айналысты. Киевте және басқа да ірі қалаларда қақаған қыста миллиондаған адамдар жылусыз қалды.

Exit mobile version