Батыспен теке-тіресте Путин арқа сүйегісі келіп отырған Қытай мен Үндістан Украинадағы қақтығыстың өршуіне қарсылық білдірді.
Ресей армиясының Украина қалаларын жаппай атқылауынан кейін Қытай мен Үндістан өкілдері деэскалация мен соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды. Бұған дейін ел басшылары Путинмен жеке әңгімелесу барысында соғысты құптамайтындарын айтқан.
«Барлық елдер өздерінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге лайық», -деді Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы Мао Нин. Сондай-ақ ол дағдарысты бейбіт жолмен шешуге ықпал ету қажеттігін айтқан.
Ал, Үндістан СІМ өкілі Ариндам Багчи де Украинадағы бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымға жасалған шабуылға қатысты Нью-Дели қатты алаңдаушылық білдіретінін айтты.