arasha.kz

Ресей әскерилері Харьков түбінде бейбіт тұрғындарды атып тастаған

Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов Купянск ауданында бейбіт тұрғындардың атқыланған автокөліктері табылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша ол жерде 20 адам қаза тапқан, ішінде балалар да бар.

«Басқыншылар жасырынбақ болған бейбіт халыққа оқ жаудырған. Бұл қатігездікті аштаудың ешбір негізі жоқ», – деді Олег Синегубов.
Украина қарулы күштері бейбіт тұрғындар мінген көліктердің атқыланғанын растады. Айтуларынша, қайғылы жағдай қыркүйекте Ресей басып алған Луганск облысының Сватово қаласы мен Купянск
«Қыркүйектің соңында басқыншылар жеті көліктен тұратын автоколонаны түгелдей жойған. Ол жерде кем дегенде 20 адам қаза тапты, оның 10-ы бала», -дейді УҚҚ басшысының міндетін атқарушы Василий Малюк.

Exit mobile version