АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Украинадағы жағдай алдағы уақытта қалай өрбісе де, Ресей бұл соғыста жеңіліс тапты деп санайды.
«Ресейдің бұл соғыстағы басты мақсаты – Украинаны картадан өшіру, астанасын қиратып, Украинаны жұту еді. Олар сәтсіздікке ұшырады және бұдан былай ойлаған мақсаттарына жете алмайды», – деді Салливан соғыстың бір жылдығына орай CNN ұйымдастырған жиында.