03-11-22 |
2480 рет қаралған
Ресей ядролық қаруды қолдану туралы әңгімені күшейте бастады.
Ресей ядролық қаруды қолдану туралы әңгімені күшейте бастады

Ресей әскери қолбасшылары Украинаға қарсы ядролық қаруды қолдану туралы кеңес өткізген. Бұл туралы The New York Times газеті жазды.

Аталған талқылауға президент Владимир Путин қатыспаған. АҚШ әкімшілігіндегі газеттің мәліметінше, Ресейдің жоғары дәрежелі әскерилері Мәскеудің Украинада тактикалық (салыстырмалы түрде аз қуатты) ядролық қаруды қашан және қалай қолдануға болатынын талқылаған, деп жазды Azattyq Ruhy.

Басылым мұндай пікірталастардың өзі Ресей генералдарының жердегі операцияның нәтижелерінен қаншалықты көңілі қалғанын және Владимир Путиннің ядролық қаруды қолданамын деп қорқытуы жай сөз болмауы мүмкін екенін айтады.

Пентагонның бағалауы бойынша, Ресей арсеналында 2000-ға дейін тактикалық ядролық қару бар. Мұндай қару ешқашан соғыс даласында қолданылмаған. арлық тарап Ресей Украинаға басып кірер алдында тактикалық немесе шағын ядролық оқ-дәрілерді қолдануы мүмкін екенін хабарлады.

Аталған талқылауға Мемлекеттік Думаның депутаттары мен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров шақырылған. Мұндай қадамдағы тәуекелдің ауырлығы туралы Украина президенті Владимир Зеленский мен ЦРУ директоры Уильям Бернс ескертті.

Ресей Харьков облысында, содан кейін Херсон облысында бірнеше рет жеңіліске ұшырағаннан кейін ядролық қаруды қолдану туралы әңгімені күшейте түсті.

Владимир Путин ядролық қаруды қолдану туралы бірнеше рет ескерткен.

«Егер оның аумақтық тұтастығына қауіп төнсе, Ресей қолда бар барлық қаражатты пайдаланады, бұл жай сөз емес», – деді Путин 21 қыркүйекте.

Осы мәлімдемен кейін Ресейде ішінара мобилизация жарияланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.