03-07-20 |
2290 рет қаралған
Ресей Қазақстанға коронавирусқа қарсы дәрі жеткізбек.
Ресей Қазақстанға коронавирусқа қарсы дәрі жеткізбек

Ресейде коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасына енгізілген «Авифавир » препараты жақын арада Қазақстанға жеткізіле бастайды. Бұл туралы ресейлік тікелей инвестициялар қорының (РҚАО) сайтында хабарланған.

29 Мамырда фавипиравир белсенді әрекет етуші заты бар » Авифавир » коронавирустың көбею механизмдерін тиімді блоктайды деп есептеліп, мамыр айының соңында Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Тіркеу куәлігін алды.

«Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФПИ), Ресей Федерациясының тәуелсіз қоры және «ХимРар» компаниялар тобы маусым айында «Авифавир» коронавирусқа қарсы ресейлік препараттың алғашқы 100 мың курсының өндірісі туралы жариялайды, бұл өндірістің бастапқы кезде жоспарланған 60 мың курстан әлдеқайда асып түсті … Жақын арада «Авифавир» Қазақстан Республикасына да жеткізіледі, бұл туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бір ай ішінде тағы да 100 мыңнан астам курс жүргізілетін болады» деп жазады РҚАО.

Еске салсақ осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова «Фавипиравир» препараты сатып алынатынын айтқан.

– «Жуық арада «Фавипиравир» препараты сатып алындады, бірнеше өндірушімен келісім жүргізіп жатырмыз,  оның ішінде осы препаратқа локализация жасалған Ресей де бар. Сондай-ақ осы препаратты өндіруді локализациялау және өндіруге ниетті отандық өндірушілер де бар», -деген болатын вице-министр астанада өткен брифингте.

Маусым айында Қазақстанның жетекші инфекционист-дәрігері Динагүл Баешева коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде «Фавипиравир» қолдануға қатысты пікір білдірген.

– «Фавипиравир» – бұл Жапонияда өндірілген препарат. Қазір клиникалық тәжірибеден өтіп жатыр, біз де қызығушылық танытып отырмыз. Бұл преапаратты тіркеген жағдайда  біздің елде де бұл препаратты клиникалық тексеруден өткізуге мүмкіндік болады», – деген Динагүл Баешева.

Википедия деректері бойынша «Фавипиравир» тұмауды емдеу үшін Жапонияда жасалған вирусқа қарсы препарат. Фавипиравир бірқатар вирусты инфекцияларды, соның ішінде COVID-19 коронавирусты инфекцияларын емдеуге арналған құрал ретінде зерттелуде.

Перапарттың тарихына тоқталсақ, бас кезінде Toyama Chemical компаниясы жасап шығарған препарат осельтамивирді алмастыратын гриппке қарсы жаңа дәрі болады деп үміттенген, бірақ жануарларға жасалған тәжірибенің нәтижесінде препарат құрсақта жатқан баланың ДНК-на кері әсер ететініне көз жеткізген. Сөйтіп оны Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мақұлдамады.

Ал 2014 жылы  Фавипиравир гриппке қарсы  белгілі бір шектеулері бар препарат ретінде Жапонияда мақұлданды. Содан 2020 жылдың 15 наурызында препарат тұмауды емдеу үшін Қытайда сатуға рұқсат етілді.

Фавипиравир препаратының сауда атауы: «Фавилавир», «Авиган», «Авифавир», «Арепливир».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.