«Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин Түркияға «Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресей және Қазақстанмен бірігіп пайдалануды ұсынды деп хабарлайды «Араша» ақпараттық порталы Ресейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
«Түркия өз аппараттарын ғарышқа шығару үшін «Роскосмос» ракеталарын пайдалануға беруге дайын. Оны Түркия териториясында жасау міндетті емес. Оның орнына біз үш мемлекетке жоба жасап, Байқоңырдың» ерекше инфроқұрылымын пайдаланар едік, – деді Дмитрий Рогозин Анатолы агенттігіне берген сұхбатында.
Рогозиннің пікірінше бұл жобада Түркия ұшуды ұйымдастырса, Ресей технологиясын ұсынады, ал Қазақстан ғарыш айлағын береді. Алайда «Роскосмос» басшысының идеясын Қазақстан тарапы қодау-қолдамауы белгісіз. Қазақстанның Аэрокосмос коммитеті Түркияға «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалануға беру туралы ешқандай ақпарат таратқан жоқ.
Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағын тиімді пайдалану мақсатында 2004 жылы 9 қаңтарда 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берген.