15-04-23 |
1810 рет қаралған
Ресей теңгені «дос емес елдің» валютасы деп тапты.
Ресей теңгені «дос емес елдің» валютасы деп тапты

Ресей Федерациясы теңгемізді «дос емес елдердің» валютасына қосты. Бұл жайлы Ресейдің «Открытые Инвестиции» брокерлік компаниясының сайтында жарияланды.

Санкциялық қысымның күшеюіне байланысты қолайсыз елдердің валютасындағы төлемдерді шектеу және бұғаттау қаупі артып келеді, деп жазылған онда.

«Қысымның нәтижесінде, болып жатқан жағдайға нарықтық реакция баламалы валюталарда – биржада да, биржадан тыс нарықтарда да есеп айырысу үлесін ұлғайту арқылы ықтимал шешімдерді іздеу жүргізіледі. Сол сепбепті келесі валюталарда депозиттер мен қаражат алу, төлемдерге қызмет көрсетуді тоқтатамыз: Швейцариялық франк (CHF), Сингапур доллары (SGD), Жапон иені (JPY), Гонконг доллары (HKD) және Қазақстанның теңгесі (KZT)», – делінген хабарламада.

Клиенттер мен контрагенттер алдындағы есеп айырысуды жүргізуге және міндеттемелерді орындауға байланысты тәуекелдерді барынша азайту мақсатында 28 сәуірден бастап келесі өзгерістерді енгізу жоспарланатыны түсіндірілген:

Биржада және биржадан тыс нарықта дос емес елдердің валютасын сатып алуға тыйым салу;

Брокерлік шоттарға дос емес елдердің валюталарын есепке алуға тыйым салу
Баламалы есеп айырысу валютасы болған жағдайда бағалы қағаздарды дос емес елдердің валютасына сатуға тыйым салу.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.